Стамбұл терактісін жасаған өзбекстандық болып шықты

Фотография - Стамбұл терактісін жасаған өзбекстандық болып шықты

Сурет: ntv.com.tr

Полицияға оның жеке басын анықтауға такси жүргізушісі көмектесті.

503 0

Түрік полицейлері Стамбұлдағы Reina түнгі клубындағы терактіні жасаған күдіктіні анықтады. Жаңа жыл түнінде клубтың келушілеріне оқ атқан Өзбекстанда туылған Абдулгадир Машарипов болып шықты. Оның лақап аты - «Абу Мұхаммед Хорасан» деп, хабарлайды Today.kz Түркияның Daily Sabah сайтына сілтеме жасап.

Стамбұл полициясының ақпараты бойынша, 1 қаңтар күні түнде Машарипов түнгі клубқа кіріп, оның келушілеріне шамамен 180 оқ атқан.

Бұдан кейін, Абу Мұхаммед Хорасан ас бөлмеге кіріп, киімін ауыстырып, дүрлігіп жатқан адамдардың арасымен ғимараттан шығып кеткен. Көшеде Машарипов такси тоқтатып, көрші ауданға дейін жеткенде, ақшасының жоқтығын анықтайды.  

Полиция оның түнгі клубта қалдырып кеткен күрткесін тауып алған.

Такси жүргізушісі полицияға террористің жеке басын анықтауға көмектесті. Сыртқы бақылау камерасы арқылы қылмыскердің түнгі клубтан шығып, көлікке отырғандығы анықталған. Кейін, полиция такси жүргізушісін тауып алды.

Машарипов Стамбұлға Конья қаласынан келген. Ол 1988 жылы туылған. Түрік, араб және орыс тілдерін меңгерген.

Стамбұлдың түнгі клубындағы теракт

Ертеректе хабарланғандай, Санта-Клаустың киімін киген қаруланған екі адам бейберекет оқ атқан.

БАҚ хабарлауынша, клубта 800 дей адам болған.

Түркияның күш құрылымдары өкілдерінің хабарлауынша, Стамбұлдағы түнгі клубта орын алған теракті кезінде құрбан болғандардың саны 39-ға жеткен, оның 27-сі шетел азаматы болса, 65 адам жараланған. Олардың арасында Қазақстан азаматтарының жоқтығы белгілі болды.

Түркияның полиция қызметкерлері жаңа жыл түні Стамбұлдағы Reina түнгі клубындағы шабуылды жасаған күдіктінің суретін таратты.

Ертеректе хабарланғандай, Түркиядағы жаңа жыл түніндегі атыста қаза болғандар арасында Ресей азаматшасының бары анықталды. Ол Әзірбайжан елінде туылған. Қыздың денесін жерлеу үшін Бакуға әкелді.  

Әлемдік БАҚ құқық қорғау қызметкерлерінің ақпарат көзіне сүйене отырып, күдіктінің Қырғызстан немесе Өзбекстан азаматының болуы мүмкін деп хабарлады.

3 қаңтар күні, 28 жасар Қырғызстан елінің азаматы Яхья Машрапов ұшақтан түсіріліп, теракт бойынша тергелді. Оның бұл жағдайға қатысының жоқтығы расталып, одан кешірім сұралып, жіберілді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!