Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды

Фотография - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды

Көрнекі сурет

Солтүстік Қазақстан облысында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.

265 0

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды. Сонымен Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарының жолдары жабылды деп, хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ ТЖК сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, 9 қаңтарда, сағат: 8:30-да, Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, жолдың нашар көрінуі) Үшарал - Достық (автокөліктің барлық түрлері үшін, 83-184 километр) тас жолындағы қозғалыс жабылды.

8 қаңтарда, сағат: 19:30-да, Солтүстік Қазақстан облысында боран мен жолдың нашар көрінуі салдарынан барлық бағыттар бойынша автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді.  

Қаңтар айына ауа райы болжамы

Gismeteo.kz ақпаратының негізіне сәйкес, ҚР қаңтар айында қатты аяз болмайды деп болжанып отыр. Астанада болжамды орташа айлық температурасы 8-10 градус төмендікті көрсетеді. Аздаған жауын-шашын болуы мүмкін.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!