Депутат Сыздықов Шахан туралы: Мақсатымыз – жағдайдың қайталануына жол бермеу

Фотография - Депутат Сыздықов Шахан туралы: Мақсатымыз – жағдайдың қайталануына жол бермеу

Сурет: today.kz

Мәжілісмен Тұрғын Сыздықов қаза болғандардың отбасымен кездесіп, көңіл айтты.

232 0

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрғын Сыздықов Қарағанды облысы Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің бір бөлігінің опырылу салдарынан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты деп, хабарлайды Today.kz  Қазақстан Коммунистік Халық партиясының сайтына сілтеме жасап.

Фото -

Тұрғын Сыздықовтың пікірінше, шахандықтардың қазасы - бұл барлық қазақстандықтардың ортақ қайғысы.

«Орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып көңіл айтамын. Депутаттардың, әкімдердің ендігі мақсаты– жағдайдың қайталануына жол бермеу»,-дейді мәжілісмен.

Кент тұрғындарының айтуынша, Шахан билік органдары тарапынан көңіл бөлуді талап етеді.

«Сегіз мыңға жуық тұрғыны бар шахтерлер кентінің құрып кетуіне жол бермеуіміз керек. Біз қиын 1990 жылдарды басымыздан өткердік. Қазіргі өмірімізді жақсартуға бізге не кедергі? Жастардың бұл жақтан кетіп қалмауы үшін, жағдай жасауымыз керек»,-деп осы жерде 30-40 жыл тұрған қарапайым шахтерлер сұрақ қойды.

Бұрын Шаханда 30 мыңға жуық адамның тұрғандығы хабарланды. Кентке қаланың атын бермекші болған.

Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің опырылуы

Естеріңізге сала кететін болсақ, 2 қаңтар күні түнде, Шахтинскіге қарасты Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің опырылуы болды. ТЖ нәтижесінде тоғыз адам қаза болды. Үйіндінің астынан 32 жасар ер адам мен 11 жасар қыз құтқарылды. Оқиға фактісі бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сарапшылардың болжамы бойынша, ТЖ орын алуына үйдің шеткі кіреберісіндегі жертөледе тұрған қазандықтың жарылуы себеп болған.

Зардап шеккендерге көмек

Қаза болғандардың отбасы мен зардап шеккендерге банктен шот ашылды. 6 қаңтарда белгілі болғандай, көмек қордың шотына Шахтинскіге қарасты Шахан кентіндегі ТЖ салдарынан зардап шеккендерге қазақстандықтардан көмек ретінде 41 миллион теңге түскен. Астанада гуманитарлық көмек көрсету пункті құрылды. Үш күннің ішінде зардап шеккендерге керекті жылы киім және азық-түлік жиналып, қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, мемлекет тарапынан көпқабатты үйдің опырылуынан қаза болғандардың туыстары мен туғандарына материалдық көмек көрсетіледі.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!