Полицейлер Павлодардағы атысқа қатысты күдіктіні ұстады

Фотография - Полицейлер Павлодардағы атысқа қатысты күдіктіні ұстады

Сурет: today.kz

Олардан Lexus көлігі мен қару алынды.

504 0

Полицейлер 9 қаңтарда Павлодардағы атысқа қатысты болуы мүмкін деген күдіктіні ұстады деп, хабарлайды Today.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Олардан Lexus көлігі мен қару алынды.

«Қазіргі таңда ұсталғандар тергеліп жатыр. Қажетті сараптама тағайындалды және құқыққа қарсы іс-қимыл жасаған тұлғалардың әрекеттерінің себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген хабарламада.

Ұсталғандардың барлығы Павлодар облысының тұрғындары.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ауруханаға жеткізілген бұрындары бірнеше рет сотты болған Павлодар облысының тұрғыны. Ол қақтығыстың нақты себептерін бүркемелей отырып, өзінің аталмыш оқиғадағы рөлі мен оған қатысушылардың жеке анықтамаларын жасыру арқылы тергеуді шатастырмақ болған.

«Зардап шеккен адам жазылып шыққаннан кейін, қақтығыстың екіжақ тараптары мұқият тексеріліп, құқық бұзушылыққа қатысушылардың әрекетіне объективті құқықтық баға беріледі»,-деп түйіндеді ІІД.

Павлодардағы атыс

Павлодар тұрғынының беті мен арқа жағына травматикалық қарудан оқ атқан. Дәрігерлердің айтуынша, 33 жасар емделушінің жағдайы тұрақты. Қазіргі уақытта ер адам Павлодардағы №1 қалалық ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесінде емделіп жатыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!