Қамауға алынған Бигелді Ғабдуллин өз кінәсін мойындады

Фотография - Қамауға алынған Бигелді Ғабдуллин өз кінәсін мойындады

Сурет ашық ақпарат көзерінен алынды

Адвокаттың сөзінше, Ғабдуллин жәбірленуші тұлғаларға 20,6 миллион теңге көлемінде келтірілген залалды өтеді.

358 0

Central Asia Monitor басылымының бас редакторы және Radiotochka.kz басшысы Бигелді Ғабдуллиннің қорғаушысы соттан оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұрады деп, хабарлайды Today.kz Халықаралық "Казинформ" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Адвокат Аманжан Мұхамедияровтың, Ғабдуллиннің тергеу процессі барысында қылмысты мойындағаны және тергеуге көмек көрсеткені үшін қылмыстық қудалаудан босату туралы өтініш жасағандығы хабарланды. 

«ҚР Қылмыстық кодексінің 65 бабы, 1 тармақшасына сәйкес, бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауыр қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейiн айыбын мойындап, өз еркiмен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыстық жолмен жасалған зиянды өзгеше түрде қалпына келтiрсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн. Сотқа дейінгі тергеу барысында Ғабдуллин өзінің қылмыс жасағандығын мойындап, жасаған ісіне өкініп отыр», - деп өтінішті адвокат оқыды.

Оның сөзінше, Ғабдуллин қылмысты ашуға белсенді көмек көрсетіп, жәбірленуші тұлғаларға 20,6 миллион теңге көлемінде келтірілген залалды өтеді.

«Ғабдуллин тергеу процессі барысында қылмысты мойындағанын және тергеуге көмек көрсеткені үшін қылмыстық қудалаудан босату туралы өтінішпен жүгінді. Сонымен қатар, қылмыстық тергеу кезінде тергеу органдары Ғабдуллиннің кінәсін мойындағаны туралы өтінішін рәсімдеді. Барлық жәбірленушілердің мәлімдеуінше, келтірілген залал толығымен өтелді және оның қылмыстық жауаптылықтан босатылуына қарсы емес. Б. Ғабдуллин бұрын сотты болмаған. Асырауында кәмелетке толмаған балалары мен науқас, әрі жұмыстан уақытша босатылған жұбайы бар. 2012, 2016 жылдары туылған жас балалары тағы бар. Сонымен қатар, Б. Ғабдуллиннің жасы 61-де. Денсаулығы да нашар»,-деді адвокат.

Басылымының ақпараты бойынша, прокурор қылмыстық қудалаудан босатуға наразылық танытты. 

Осыдан кейін сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне өтті.

Бигелді Ғабдуллинді қамауға алу

15 қарашада, белгілі болғандай,  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында Central Asia Monitor басылымының бас редакторы және  Radiotochka.kz басшысы Бигелді Ғабдуллинге бопсалау дерегі бойынша  сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды деп хабарланған болатын. Ғабдуллин БАҚ арқылы мемлекеттік органдарға ақпараттық шабуыл жасап, сол арқылы жоғары лауазымды шенеуніктерден ақша бопсалаған. Тергеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, Ғабдуллин «мемлекеттік органдар басшыларына қатысты келеңсіз материалдарды басу арқылы, оларды жаман атаққа қалдыратын беделсіз ақпараттарды тездетіп шығаруға қатысты жұмысты  жеделдеткен. Ғабдуллин, «өзінің  ақпаратресурсына мемлекеттік тапсырыстарды алу үшін, лауазымды тұлғаларды сынамауға уәде беріп, бопсалаған». 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың мәлімдеуінше, Ғабдуллиннің ісіне қатысты  барлық  айғақтар қоғам алдында ашық жарияланады. «Ол өзінің  ақпаратресурсына мемлекеттік тапсырыстарды алу үшін, лауазымды тұлғаларды бопсалаған. Тергеу енді ғана басталды. Сондықтан, нақты ақпаратты кейін жариялаймыз»,-деді Қожамжаров. Ведомства мәліметі бойынша, кейбір атқамінерлер Ғабдуллиннің комапаниясына қолдау көрсетіп, мемлекеттік сатып алуға шарт жасауды қамтамасыз еткен. 17 қарашада, Астанадағы № 2 Алматы аудандық  сотының санкциясы бойынша, Бигелді  Ғабдуллин қамауға алынды. Айта кетейік, Ғабдуллиннің қорғаушылары ашық хат жазған болатын.

27 желтоқсанда, Қазақстаннан кетіп қалған  Radiotochka.kz интернет-басылымның бас редакторы Бекжан Ыдырысов Бигелді Ғабдуллиннің ісі бойынша, куәгер ретінде өтіп жатқандығы анықталды.

4 қаңтарда, Central Asia Monitor басылымының бас редакторы және Radiotochka.kz басшысы Бигелді Ғабдуллинге қатысты істің сотқа түскендігі белгілі болды. 




 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!