Сот Бигелді Ғабдуллинге қатысты істі жабық режимде қараудан бас тартты

Фотография - Сот Бигелді Ғабдуллинге қатысты істі жабық режимде қараудан бас тартты

Сурет: radiotochka.kz

Адвокаттың Ғабдуллинге қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұраған өтініші кейінге қалдырылды.

356 0

Сот Бигелді Ғабдуллинге қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұраған адвокаттың өтінішін қанағаттандырмай, істі жабық режимде қараудан бас тартты деп, хабарлайды Today.kz Халықаралық "Казинформ" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Сотталушының алдын ала тыңдау барысында кінәсін мойындауға байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату мәселесіне қатысты шешім қабылдауға ерте. Өйткені, бұл мәселе қылмыстық іс бойынша айғақтарды тікелей зерттегеннен кейін ғана шешілуі мүмкін. Басты сот талқылауы аясында ғана ықтимал. Осылайша, сотталушының кінәсін мойындауына байланысты сот ісін қысқартуға негіз жоқ», - деді сот қаулысын жария еткен судья Бағлан Ыдырысов.

Соттың пікірінше, істің жабық режимде өтуіне ешқандай негіз жоқ.

«Адвокат Аманжан Мұхамедияровтың өтінішінде соттың жабық режимде өтуін сұраған екен. Бірақ, оған ешқандай негіз жоқ. Мұндай жағдай тек ҚР Қылмыстық-іс жүргізу Кодексінің 29-бабында көрсетілгендей, іс егжей-тегжейлі тексеріліп, қылмыс толық зерттелген жағдайларда ғана орын алады»,-деп түйіндеді судья.

Бигелді Ғабдуллинді қамауға алу

15 қарашада, белгілі болғандай,  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында Central Asia Monitor басылымының бас редакторы және  Radiotochka.kz басшысы Бигелді Ғабдуллинге бопсалау дерегі бойынша  сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды деп хабарланған болатын. Ғабдуллин БАҚ арқылы мемлекеттік органдарға ақпараттық шабуыл жасап, сол арқылы жоғары лауазымды шенеуніктерден ақша бопсалаған. Тергеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, Ғабдуллин «мемлекеттік органдар басшыларына қатысты келеңсіз материалдарды басу арқылы, оларды жаман атаққа қалдыратын беделсіз ақпараттарды тездетіп шығаруға қатысты жұмысты  жеделдеткен. Ғабдуллин, «өзінің  ақпаратресурсына мемлекеттік тапсырыстарды алу үшін, лауазымды тұлғаларды сынамауға уәде беріп, бопсалаған». 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың мәлімдеуінше, Ғабдуллиннің ісіне қатысты  барлық  айғақтар қоғам алдында ашық жарияланады. «Ол өзінің  ақпаратресурсына мемлекеттік тапсырыстарды алу үшін, лауазымды тұлғаларды бопсалаған. Тергеу енді ғана басталды. Сондықтан, нақты ақпаратты кейін жариялаймыз»,-деді Қожамжаров. Ведомства мәліметі бойынша, кейбір атқамінерлер Ғабдуллиннің комапаниясына қолдау көрсетіп, мемлекеттік сатып алуға шарт жасауды қамтамасыз еткен. 17 қарашада, Астанадағы № 2 Алматы аудандық  сотының санкциясы бойынша, Бигелді  Ғабдуллин қамауға алынды. Айта кетейік, Ғабдуллиннің қорғаушылары ашық хат жазған болатын.

27 желтоқсанда, Қазақстаннан кетіп қалған  Radiotochka.kz интернет-басылымның бас редакторы Бекжан Ыдырысов Бигелді Ғабдуллиннің ісі бойынша, куәгер ретінде өтіп жатқандығы анықталды.

4 қаңтарда, Central Asia Monitor басылымының бас редакторы және Radiotochka.kz басшысы Бигелді Ғабдуллинге қатысты істің сотқа түскендігі белгілі болды. 

11 қаңтарда Central Asia Monitor басылымының бас редакторы және Radiotochka.kz басшысы Бигелді Ғабдуллиннің қорғаушысы соттан оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұрады.

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!