1192

Қарағандыда 12 жасар қыз бала мектепке бара жатып жоғалып кеткен

Соңғы рет Алина Тергалинскаяны 20 қаңтарда көрген.
Фотография - Қарағандыда 12 жасар қыз бала мектепке бара жатып жоғалып кеткен Сурет жеке мұрағаттан алынды

Қарағандыда 12 жасар Алина Тергалинскаяны іздестіруде. Қыз бала 20 қаңтарда мектепке кетіп бара жатып жоғалып кеткен деп, хабарлайды Today.kz.

«Алина 20 қаңтарда, сағат: 13:00-де, Қарағандының оңтүстік шығысында мектепке кетіп, қайтып оралмаған. Не болғанын білмейміз? Ол ешуақытта бізге ескертпей, белгісіз жаққа кеткен емес. Полиция қызметкерлері жоғалған күннен бастап, үш күнді күтпей-ақ, Алинаға іздеу салып жатыр. Оның жасын сұраған құқық қорғау органдарның қызметкерлері іздестіру шараларына кірісіп кетті. Ішкі істер органдарының жеке құрамына бағдарлауды белгілеп, таратты»,-деді жоғалған қыздың әпкесі Юлия Тергалинская.

Қарағандыдағы Қазыбек би ауданының прокуратурасы, баланың жоғалғандығы туралы өтініштің тіркелгендігін растады.

Жоғалған күні оқушы қыз жеңінде қызғылт-сары өрнегі бар сұр күртке, күлгін тақия, қара шалбар, сұр аяқ киім киіп, күлгін сөмке ұстаған. Егер кімде-кім, кәмелетке толмаған қыз бала туралы қандайда бір ақпарат білетін болса, «102» телефонына немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Загрузка...