1127

Ерасыл Әубәкіровтың ісі бойынша жаңа күдіктілер пайда болды

Аян Мейірбаевтың қарындасын жалған ақпарат беріп, қылмыс туралы хабарламағаны үшін айыптап отыр.
Фотография - Ерасыл Әубәкіровтың ісі бойынша жаңа күдіктілер пайда болды Сурет: today.kz

Ерасыл Әубәкіровтың ісі бойынша жаңа күдіктілер пайда болды. Полиция көлігінде өлтірілген студенттің денесі табылған Аян Мейірбаевтың қарындасына қатысты тергеуді бастады деп, хабарлайды Today.kz коммерциялық КТК телеарнасына сілтеме жасап.     

Ертеректе хабарланғандай, Айым Мейірбаева өзінің ағасының көлігін жуу үшін, көлік жуу тұрағына келеді. Сол кезде ғана, қызмет көрсету орталығының қызметкері көліктің жүксалғышынан жас адамның өлі денесін көреді.

Айым Мейірбаеваның айтуынша, ол жүксалғыштағы мәйіт туралы білмеген. Не істерін білмеген ол, бірден кетіп қалады.

Мәйіттен құтылуға Мейірбаеваға әлдебір адамдар көмектескен деп хабарланды. Енді бойжеткенге "жалған ақпарат беріп, қылмыс туралы хабарламағаны үшін" айып тағылып отыр деп, хабалайды КТК телеарнасы.

Ерасыл Әубәкіровты іздеу

3 ақпанда, Астанада 23 жасар "Астана" медицина университетінің 6 курс студенті Ерасыл Әубәкіров жоғалған еді. Оны іздеуге еріктілер мен полицейлер жұмылдырылған болатын. 10 ақпан күні, түнгі сағат 22:00 шамасында Е. Әубәкіровтің мәйітін тапқан. Сараптама қорытындысы бойынша, Ерасылдың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері табылып, аяусыз соққыға жығылғандығы анықталған. Студенттің өліміне қатысты төрт адам тұтқындалды. Оның бірі Өскемендегі ірі кәсіпкердің ұлы Аян Мейірбаев болатын. Алайда, оның әрекеттерінен ешқандай қылмыстық іс табылмағандықтан, ол босатылды. Бұл жағдай кейін, үлкен қоғамдық пікір туғызып, Е. Әубәкіровтың достары босатылған төртінші күдіктіні қайта тергеу туралы әңгіме көтерген еді. Алайда ҚР ІІМ хабарлағандай, Мейірбаевтың іс-әрекетінде қылмысқа қатысты ешқандай күдік табылған жоқ.  

Ақпараттың жайылып кетуі

Естеріңізге сала кететін болсақ, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанда, оны қинап жатқаны түсірілген бейнетаспа ғаламтор арқылы тарап кеткен болатын. Кейінірек белгілі болғандай, ақпараттың жайылып кетуіне байланысты, Астана қаласы ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен қызметтік зерттеу жүргізілген еді. Нәтижесінде осыған кінәлі адам полицияда жазаланды.

Кісі өлтіргендерге үкім

Нұрбек Әжімбайдың мүлігі кәмпескеленіп, өзі  20 жыл жазасын өтейтін болды. Виталий Шерстенев 11 жылға, Андрей Тихоненко 16 жылға бас бостандығынан айрылды. Айта өтейік, студенттің өліміне қатысты тергеу жарты жыл жүргізіліп, іс бойынша жиналған материал 10 томды құрады. Күдіктілерге ҚР ҚК " қылмыстық топ құрып, оған жетекшілік ету", "Заңсыз бас бостандықтан айыру", «адамды қинап өлтіру», «кісі өлтіру», «аса ірі көлемде заңсыз қаражат талап ету» баптары бойынша айып тағылды.