1072

Баян Есентаева сотқа бұрынғы күйеуінің үкімін қайта қарау туралы өтінім берді

Продюсер ҚР Жоғарғы Сотына өтінім берді.
Фотография - Баян Есентаева сотқа бұрынғы күйеуінің үкімін қайта қарау туралы өтінім берді Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Танымал тележүргізуші және продюсер Баян Есентаева Жоғарғы Сотқа бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтың үкімін қайта қарау туралы өтінім берді деп, хабарлайды Today.kz Халықаралық  "Казинформ" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына сотталушы Бақытбек Есентаевтың қорғаушысынан және зардап шегуші Баян Есентаевадан кассациялық режимде сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат келіп түсті. Өтінішті алдын ала қарау мерзімі қылмыстық іс сотқа түскеннен кейін анықталады», - деп хабарлады Жоғарғы Сот.

Баян Есенатаеваның соққыға жығылуы

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусымда, Баян Есентаева бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын. Оны өлтірмек болды деген күдікпен продюсердің күйеуі Бақытбек Есентаев тұтқындылды. Кейін оның оқиға кезінде мас болғаны анықталды. Тергеушілердің болжамы бойынша, Есентаевтар арасындағы дау қызғаныш негізінде туған. Жұбайлар Бақытбек Есентаевтың жиенімен бірге Алматы сыртында көлікпен келе жатқан. Жол бойында қызғанышқа булыққан күйеуі Баянды ұра бастайды. Жолдағы бензин құю станцияларының бірінде күйеуі көлікті жүргізіп келе жатқан жиенін түсіріп тастап, әйелін одан ары соққы жығып, пышақтап тастайды. Оқиға орнына жеткен олардың қызы (істегі материалдар бойынша) әкесін тоқтатып, анасын Талғардағы ауруханаға жеткізіп үлгереді.

20 маусымда, Баян Есентаеваны ауруханадан шығарып, операция жасаған дәрігер оның мұрнына пластикалық операция жасау қажетілігі бар екенін айтқан еді.

25 тамызда, шетелде емделген Баян Есентаеваның Қазақстанға оралғаны белгілі болды. Ол өзінің Instagram парақшасында бетін көрсетіп түскен алғашқы суретін жариялады. Бұған дейін продюсер желіге тек арқасын көрсетіп тұрған суреттер ғана салып келді.

1 қыркүйекте, Бақытбек Есентаевтың қорғаушысы оның неліктен мұндай қылмысқа барғанын айтқан еді. Бекболат Жексейітовтың айтуынша, ол әйелін қызғанып, ажырасқысы келмегендіктен осындай қадамға барғанын айтқан.

Кейін оның тек Баянды өлтіру әрекеті үшін ғана емес, оны зорлағаны үшін айыпталып жатқаны белгілі болды. 

Сот процесі

18 қазанда, Талдықорғанда Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевтың соты басталды. Оған белгілі продюсер өзінің қызы Айсәуле Бақытбекпен және апасы Бағым Мұхитденовамен келді. Процесте жәбірленуші күйеуін кешіргенін айтып, оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды  сұраған еді.

3 қарашада, сот танымал продюсер Баян Есентаеваның күйеуін тоғыз жыл бас бостандығынан айырып, қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуге үкім шығарды. Бақытбек Есентаев өзінің соңғы сөзінде ешқандай кінәсінің жоқ екендігін айтты. Өзі Баян Есентаева мен олардың балалары кезде үкімнің жария етілуі емес, қатысты. Сот үкімі жарияланған кезде, Баян Есентаева мен оның балалары сотқа қатысқан жоқ.

 

Загрузка...