737

Қазақстанның үш облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Еріген қар суының тасуы салдарынан тасжолдар жабылды.
Фотография - Қазақстанның үш облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді Көрнекі сурет

Еріген қар суының тасуы салдарынан Қазақстанның үш өңіріндегі тас жолдар жабылды. Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектеу сақталады деп, хабарлайды Today.kz «Қазақавтожол» РМК-ға сілтеме жасап.

Қарағанды облысында еріген қар суының тасуы салдарынан Қарағанды-Аягөз-Бұғаз республикалық маңызы бар тасжолының 139, 141 және 169-шақырымдары (17-215 шақырым аралығы, Қарағандыдан Қарқаралыға дейін) барлық автокөлік түрлері үшін жабық тұр.

Қостанай облысында еріген қар суының тасуы салдарынан Екатеринбор-Алматы (686-729 шақырым аралығы, Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы) республикалық маңызы бар тасжолында барлық автокөліктің қозғалысына тыйым салынды. 

Солтүстік Қазақстан облысында еріген қар суының тасуы салдарынан Жезқазған-Петропавл (671-700 шақырым аралығы, Тоқсан би - Новоишимское ауылдары), Екатеринбор-Алматы (729-768 шақырым аралығы, Қостанай облысының шекарасы - Тоқсан би) тасжолдарында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.

Бұған дейін синоптиктер сәуірдің 17-сі мен 19-ы күндері болатын ауа райын болжаған болатын. Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым облыстарында күн бұлтты болып, кейбір жерлерде жауын жауады.

Загрузка...