1101

Бүгін Астанада күшті дауыл соғып, жауын-шашын күтіледі деп болжануда

Елорда аумағында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 15-20 метрлік күшті жел соғады.
Фотография - Бүгін Астанада күшті дауыл соғып, жауын-шашын күтіледі деп болжануда Сурет: ©Алмас Төлеке

Елорданың төтенше жағдайлар департаменті Астанада күшті дауыл соғып, жауын-шашынның күтілуін ескертті деп, хабарлайды Today.kz. Мамырдың 30-ы күні елорда аумағында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 15-20 метрлік күшті жел соғады.

Күндіз жаңбыр жауады.

Күн райының бұзылуына байланысты құтқарушы мамандар тұрғындарды бірқатар сақтық шараларын ұстануға шақырады.

Екпіні күшті жел соққанда үйдегі немесе пәтердегі терезерлерді мықтап жабу керек. Тереземен қоршалмаған, ашық балкондар мен лоджияларда қатты желден сыртқа ұшатын барлық заттарды алып тастау қажет.

«Сонымен қатар, мамандар тұрғындар мен қала қонақтарына жел көтерілгенде далада жарнама құрылғылары мен өзге де ілінетін конструкциялардан, электр желілелерінен, ағаштардан алыс тұруға кеңес береді. Қайғылы жағдайға душар бомас үшін барынша сақ болуға шақырады. Үзілген сымдарға,теңселіп тұрған ағаштардан алыс қашықтықта болу қажет. Күшті жел соққанда қала тұрғындары жақын маңдағы ғимараттарды паналауы қажет (бұл - дүкен, кітапхана, сауда үйі, үй подъезі, кинотеатр болуы мүмкін)»,-делінген ТЖД хабарламасында.

Сондай-ақ мамандар тұрғындарды үлкен ағаштардың астында тұрмауға, әсіресе терек ағашын ықтамауды, олардың астына көлік қоймауға кеңес береді. Себебі ағаш құлайды немесе бұталары сынып, қауіп төндіреді. Шіріген, көп жыл тұрған талдардан да алшақ жүру қажеттігін ескертеді.

Елорданың ТЖД мамандары тұрғындардан сақ болуды, әрі төтенше жағдай туындаса, «112» телефонына қоңырау шалып, жедел қызметке хабарласуды  сұрайды.

Естеріңізге сала кететін болсақ, маусымның 30-күні синоптиктердің  болжауынша жақын тәулікте кей жерлерде нөсерлі жаңбыр, бұршақ, дауылды жел күшейеді. Сондай-ақ, елдің солтүстік, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында ауа температурасының төмендеуі күтілуде деген болатын.

Бұған дейін, Таразда болған қатты дауыл салдарынан екі адам қаза тауып, бес еуі ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Айта кету керек, Мәскеуде дауыл салдарынан 11 адам қаза тауып, 170 тұрғын зардап шекті.