782

Теміртауда қарулы ер адам шағын несие беретін ұйымды тонады

Қылмысты жасаған деген күдікпен 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Фотография - Теміртауда қарулы ер адам шағын несие беретін ұйымды тонады Сурет ашық ақпарат көздерінен алынды

Теміртауда қарулы адам шағын несие беретін ұйымды тонады деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды деп, хабарлайды Today.kz Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияда хабарлағандай, Теміртауда тамыздың 7-і күні ЖШС-нің 22 жасар менеджері хабарласты. Бойжеткеннің айтуынша, белгісіз біреу терезені шағып, пышақпен қорқытып, кассадан 174 мың ақшаны алып кеткен.

Қылмысты жасады деген күдік бойынша 30 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ер адам қылмысын мойындап, сондай-ақ, оны зардап шегуші таныды.

Қазір ол қамауға алынды. Полиция қызметкерлері ҚР ҚК 192-бабы 2-тармағы «Қарақшылық» әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізілуде.

Загрузка...