4545

Екі баласын өлтіріп тоңазытқышға салып қойған ата-ана мән-жайды айтып берді

Қатыгез әке-шеше өз ауыздарымен бәрін айтты.
Фотография - Екі баласын өлтіріп тоңазытқышға салып қойған ата-ана мән-жайды айтып берді Сурет: patrul.kz

Алматыда өз балаларын өлтірген ата-ананың ісіне қатысты тың мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Today.kz сайты Рatrul.kz порталына сілтеме жасап. Видеода балалардың әкесі жасаған қылмысын баяндап береді.

«Бағыдан ойлап жүргенмін. Өйткені шаршадым. Дымым құрыды. Ұйқым қанбай жүрді. Осының бәрі әсер етті. Содан бір күні үлкен ұлымен әйелім аулаға қыдыруға шыққанда мен екі баланы қылғындырып өлтіріп, мүрделерін матаға орап, сөмкеге салып, тығып қойдым. Әйелім оралғанда біз үстел басына келіп, арақ ішуімізді жалғастырдық. Бірақ бірнеше күннен кейін үйде жағымсыз иіс шыға бастады. Сондықтан басқа пәтер жалдауды ұйғардық», — дейді ол.

Қатыгез әке өз балаларын өлтіруді ұзақ жоспарлап жүрген. Қорғаушылар әке-шешенің екі баласын қараудан шаршағандықтан және ақша жетіспеушілігінің салдарынан өлтіргенін айтады. Бірақ дерекке сүйенсек, екеуі де кафеде жұмыс істеп, жақсы жалақы алып отырған. Бірнеше күннің ішінде үш рет пәтер ауыстыруға қомақты қаражат керек екені анық. 



Загрузка...