1373

Мектептерден заңсыз ақша жинаған Нұржамал Мақұмова жұмыстан кетуге арыз жазды

Екібастұз әкімі заңдағы тәртіпті өзгерту керектігін айтып отыр.
Фотография - Мектептерден заңсыз ақша жинаған Нұржамал Мақұмова жұмыстан кетуге арыз жазды Сурет ашық дереккөзден алынды

Екібастұзда мектептерден ақша жинаған мемлекеттік қызметтегі шенеунік әйел заңсыз түрде жұмыстан шықты. Ол Екібастұз білім бөлімінің басшысының орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды Today.kz.

Екібастұз әкімі Қайрат Нүкеновтың айтуынша, маусым айында бөлім бастығы Нұржамал Мақұмова тергеу изоляторында жатып, жұмыстан кетуге арыз жазған. Әкімдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен кеңес сұраған. Жауапта тергеліп жатқан адамды жұмыстан шығаруға болмайтыны айтылды. 

Келесі айда басшының орынбасары өз еркімен жұмыстан кетуге арыз жазған. Өзі де, Екібастұздың төрт мектебінің директорлары да тергеуге алынып жатыр. Бірақ әкімдік шенеуніктердің арыздарын қабылдаған. 

Бұл туралы мемлекеттік істер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері тексеріс жасаған соң білген. Екібастұз әкімі заңдағы тәртіпті өзгерту керектігін айтып отыр. 

"Оқиға болған соң, оларға жұмыстан кетулеріне мүмкіндік беру керек болар, өйткені, осының бәрі әсер етеді. Бөлім басшысыз қалды. Басшы да, орынбасар да жоқ", - деді Нүкенов. 

Естеріңізге сала кетейік, Екібастұздың білім бөлімі Нұржаман Мақұмова қала мен ауыл мектептерінен комиссия мүшелерін сатып алу үшін 100 мың теңгеден ақша жинағаны үшін айыпталды. Жиналған ақша мемлекеттік мекемеде жұмыс сейфінен табылған. 14 маусымда шенеунік әйел ұсталды.