101 млн теңге пара алып ұсталған Нұрболат Урналиев 15 жылға сотталуы мүмкін

Оқыс оқиға
2692
БҚО прокуратурасы қылмыстық істі тергеу аяқталғанын айтты.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасына мемлекеттік кірістер департаментінің тергеушісі Нұрболат Урналиевке қатысты қылмыстық іс түсті. Оған 101 млн теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Today.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап. 

БҚО прокуратурасы қылмыстық істі тергеу аяқталғанын айтты. Қазір қадағалау органында айыптау қорытындысын ұсыну туралы мәселе қаралып жатыр.

«Тергеу барысында қажетті дәлел жинақталды. Біз айыптау қорытындысын бекітеміз. Содан кейін іс соттың қарауына жіберіледі», - деді БҚО прокурорының орынбасары Александр Цуранков.

БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу тергеу қызметінің қаржы саласындағы құқық бұзушылықты тергеу басқармасы Заңсыз ұйымдарды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы Н.М.Урналиев 2016 жылы шілде айында ұсталған болатын. Пара көлемі - 101 млн теңге.

Тергеу нұсқасы бойынша, бұл ақша «Қарашығанақ Агро Строй» ЖШС құрылтайшысы, ақсайлық кәсіпкер Александр Прокудиннен алынған. Ал Урналиев ҚР Қылмыстық кодексінің 215-бабы бойынша («Жалған кәсіпкерлік») істі доғаруға уәде берген. Қазір бұл бап ҚР Қылмыстық кодексінен алынып тасталған.

Нұрболат Урналиевке қатысты ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 4-тармағы бойынша («Аса ірі көлемде пара алу») қылмыстық іс қозғалды.

Бұл бапта айыпталушының мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның сексен еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салу не он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Сонымен қатар, Нұрболат Урналиев басқа іске зардап шегуші ретінде қатысып жатыр. Ол осы жылы сәуір айында үйінен 20 млн теңге көлемінде ақша жоғалғанын айтып, полицияға арыз жазған болатын.


Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить