1071

Ішімдік ішкен қарағандылық әйел полицияны "аяғынан тік тұрғызды"

ҚР ҚК 273 бабы "Терроризм акті туралы жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фотография - Ішімдік ішкен қарағандылық әйел полицияны "аяғынан тік тұрғызды" Көрнекі сурет

Қарағандылық әйел мас күйінде полицияға хабарласып, бір топ адамның теракт жасауға дайындалып жатқанын айтқан. Осылай деген әйел телефон тұтқасын қоя салған, деп хабарлайды Today.kz.

"52 жастағы әйел теракт жасалатыны туралы жалған ақпарат таратты деген күдікпен ұсталды. Әйел полицияға ішімдік ішіп отырып қоңырау шалғанын, теракт туралы қалжыңдағанын айтып, түсінік берді", - деді Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров. 

ҚР ҚК 273 бабы "Терроризм акті туралы жалған ақпарат тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Загрузка...