5539

Қарағанды облысында 23 жастағы жігіт дәретханаға шыққан күйі оралмаған

Оны ауыл тұрғындары топқа бөлініп іздеп жатыр.
Фотография - Қарағанды облысында 23 жастағы жігіт дәретханаға шыққан күйі оралмаған Сурет: жеке мұрағаттан

Құқық қорғау орындары 23 жастағы жігітті іздеп жатыр. Ол бала кезінен мүгедек, туысқандарының қарауынсыз қалып, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Сарепт ауылынан шығып кеткен, деп хабарлайды Today.kz.

Жігіттің туған ағасының айтуынша, ол ата-анасының үйіндегі аулада орналасқан дәретханаға шыққан күйі оралмаған. 

"Диагнозына қарамастан, Жәнібек дәретханаға өздігінен барып жүрді. Үнемі қайтып келетін. Бірақ үш күн бұрын, 9 қарашада, 21:00-де шығып кетіп, содан оралмады", - деді жоғалған жігіттің ағасы Бақыт Солтанбай. 

Отбасы жігітті 15 минут күтіп, содан кейін аулаға шыққан. Осы сәтте бір ауылдасы келіп Жәнібекті жолдан көргенін айтқан. 

"Біз даңғылға, далаға жүгіріп бардық. Еш жерде жоқ. Үшінші күн іздеп жатырмыз", - деді жоғалған жігіттің ағасы. 

Оны ауыл тұрғындары топқа бөлініп іздеп жатыр. 

"Іздеу жұмысына полиция да кірісті", - деді жігіттің ағасы. 

Жәнібек Солтанбай трико мен жемпір, аяғына калош киген.