1362

Қарағандыда жоғалып кеткен 23 жастағы жігіттің өлі денесі табылды

Ол өзенге өзі барып, батып кеткен.
Фотография - Қарағандыда жоғалып кеткен 23 жастағы жігіттің өлі денесі табылды Көрнекі сурет

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Сарепт ауылында жоғалып кеткен 23 жастағы жігіт өзеннен табылды, деп хабарлайды Today.kz. Ол екінші топтың мүгедегі, балалар церебралды сал ауруымен ауырған. 

"Бірнеше сағат бұрын Жәнібекті Сарепт өзенінен тапты. Жаға маңында ғана мұз болатын, өзеннің ортасын мұз жаппаған еді", - дейді марқұмның туған ағасы Бақыт Солтанбай. 

Алдын ала мәлімет бойынша Жәнібек Солтанбай өзенге өзі барып, батып кеткен. 

Құқық қорғау орындарының 23 жастағы мүгедек жігітке іздеу салғанын хабарлаған болатынбыз. Ол ауладағы дәретханаға шыққан күйі оралмаған еді

Загрузка...