763

Қарағанды облысында өрттен үш бала мен ер адам қаза тапты

Өрттің мән-жайы анықталуда.
Фотография - Қарағанды облысында өрттен үш бала мен ер адам қаза тапты Көрнекі сурет

Қарағанды облысы Долинка ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шығып, нәтижесінде екі, үш, алты жастағы үш бала мен 63 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz.

Ауыл Шахтинскке жақын жерде орналасқан. 

"2015, 2014 және 2011 жылғы үш бала мен 1954 жылғы ер адамның денелері өрт сөндіру кезінде табылды", - деді оқиға орнында жұмыс істеп жатқан Қарағанды облысы ТЖД "Өрт сөндіру мен апатты-құтқару жұмыстары қызметі" өрт сөндіру мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері. 

Өрттің мән-жайы анықталуда. 

Загрузка...