1049

Ақтауда 63 жастағы әйел терезеден секіріп қайтыс болды

Оның сол аяғы мен оң қолы сынған, басқа да көптеген жарақат алған.
Фотография - Ақтауда 63 жастағы әйел терезеден секіріп қайтыс болды Сурет: lada.kz

Ақтауда 63 жастағы әйел 12 шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бірінен құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz "Ладаға" сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 23 қарашада 17:47-де болған. Жедел жәрдем хабарлама түскен бойда жолға шыққанымен, әйел адам қайтыс болып кетті. Оның сол аяғы мен оң қолы сынған, басқа да көптеген жарақат алған. 

Туысқандарының айтуынша, зейнеткер пәтер жалдаған. Сол пәтердің маңынан оның денесі табылды. 

"18:50-де қайтыс болғаны белгіленді. Мәйітханаға 19:04-те жіберілді", - деді фельдшер Наурызай Аманова. 

Қарт кісінің өлімі дерегімен ҚР ҚК 105 бабы "Өз-өзіне қол салу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Загрузка...