662

Шымкентте бес жастағы бала әке-шешесімен бірге газдан уланып қайтыс болды

Үш адам қайтыс болған үйде қолдан жасалған жылыту қазаны орнатылғаны анықталды.
Фотография - Шымкентте бес жастағы бала әке-шешесімен бірге газдан уланып қайтыс болды Көрнекі сурет

Шымкентте бір отбасы газдың иісінен уланып қайтыс болды. Олар - 41 жастағы ер адам, 34 жастағы әйел адам және олардың бес жастағы ұлдары. Алдын ала дерек бойынша, олар газ иісінен уланып қалған, деп хабарлайды Today.kz Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға орнына газ шаруашылығының мамандары келді. Үш адам қайтыс болған үйде қолдан жасалған жылыту қазаны орнатылғаны анықталды. 

Отбасының қазасына байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Загрузка...