932

Қарағандыда вагон шатырында селфи жасамақ болған екі баланың біреуі қайтыс болды

Тоққа соғылған екінші бала аман қалып, ауруханадан шықты.
Фотография - Қарағандыда вагон шатырында селфи жасамақ болған екі баланың біреуі қайтыс болды Көрнекі сурет

Қарағандыда жүк вагонына мініп тоққа соғылған 14 жастағы жеткіншек жан сақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz. Тоққа соғылған екінші бала аман қалып, ауруханадан шықты. 

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаның айтуынша, қайтыс болған бала денесінің 63 пайызы күйген. 

"Кәмелеттік жасқа толмаған бала қатты күйген, оны аман сақтап қала алмадық. Екінші бала ауруханадан шығарылды, оның денесінің төрт пайызы ғана күйген", - деді Айжан Иса. 

Естеріңізге салайық, оқиға 17 қарашада 17:40-та "Қарағанды жолаушысы" теміржол бекетіне барар жолда болған. Екі жеткіншек вагон шатырына шығып, селфи жасамақ болған. 

Загрузка...