498

Түркия азаматы Қазақстанда жол апатына түсті

Қылмыстық іс қозғалды.
Фотография - Түркия азаматы Қазақстанда жол апатына түсті Көрнекі сурет

Ақмола облысында Астана-Петропавл тас жолында екі жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан Түркия азаматы зардап шекті, деп хабарлады сейсенбі күні "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Полицияның мәліметінше, жол апаты дүйсенбі күні Ақкөл ауданында, Красный горняк ауылынан 10 шақырым жерде болған.

"ДАФ көлігінің жүргізушісі,1978 жылы туылған Түркия азаматы ара қашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан Камазбен соқтығысқан", - деді баспасөз қызметіндегілер.

ЖКО нәтижесінде ДАФ жүргізушісі түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

"Оған қатысты Қазақстанның СІМ хат жіберілді, сонымен қатар, оған қатысты қылмыстық іс қозғалады", - деп атап өтті баспасөз қызметінің өкілдері.

Загрузка...