710

Қалада тек қыздарды өлтіретін қанішер пайда болды ма - Алматы ІІД жауап берді

Алматыда үш қызды өлтірген күдікті ұсталды.
Фотография - Қалада тек қыздарды өлтіретін қанішер пайда болды ма - Алматы ІІД жауап берді Көрнекі сурет

Алматы полициясы апалы-сіңлілі екі қызды өлтірді деген күдікке ілінген ер адамды ұстады. Полицияның мәліметінше, ол екі қызбен бірге ішімдік ішкен. Отырыс барысында олар өзара тұрмыстық мәселелерге келіспей қалып, арада жанжал туған. Нәтижесінде екі әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Анықталғандай, күдікті бұған дейін тонау мақсатымен 23 жастағы қызды да өлтірген. Күдікті 7 желтоқсанда қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. 

Сондай-ақ полиция Алматыда тек қыздарды өлтіретін қанішердің пайда болғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

"Мәйіттің ішкі мүшелерін кесіп алатын қанішердің пайда болғандығы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сот-медициналық сараптама бұл ақпаратты растамады. Осыған сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын шындыққа сай келмейтін ақпаратты таратпауға шақырамыз", - деді ІІД баспасөз қызметі.