939

Атырауда Түркия азаматын пышақтап, 50 мың теңгесін тартып алғандар ұсталды

Шабуыл жасағандарды көшедегі камера арқасында ұстау мүмкін болған.
Фотография - Атырауда Түркия азаматын пышақтап, 50 мың теңгесін тартып алғандар ұсталды Көрнекі сурет

Атырауда Түркия азаматына шабуыл жасалды, деп хабарлады бейсенбіде "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық полицияның баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Оның айтуынша, шабуыл жасағандарды көшедегі камера арқасында ұстау мүмкін болған.

Белгілі болғандай, бойжеткен шетелдік азаматты подъезге алдап кіргізген, ол жерде оны екі сыбайласы болған.

"1994 және 1988 жылдары туылған және бұрындары сотталған екі жігіт Түркия азаматын тонап, оған пышақ тығып, 50 мың теңге мен төлқұжатын тартып алған", - деді ол.

Қазіргі уақытта Республика Қылмыстық кодексіне орай сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жігіттер қамауда, қыз баладан сыбайлас ретінде ешқайда кетпейтіндігі туралы қолхат алынды. Ақша мен төлқұжат иесіне қайтарылды.

Загрузка...