1844

Павлодар облысында ер адам телефон арқылы қонақүй қызметкерін алдап кетті

Ол екі нөмірді брондап, нөмірге екі француз конягін, шампан мен жеміс-жидекті және қымбат тұратын кәмпитті жеткізуін өтінеді.
Фотография - Павлодар облысында ер адам телефон арқылы қонақүй қызметкерін алдап кетті Көрнекі сурет

Павлодар облысында ер адам телефон арқылы қонақүй қызметкерін алдап кетті, деп хабарлайды Today.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы агенттікке Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады. 

Қонақүйдің кезекші әкімшісіне өзін Дмитрий Васильевич деп таныстырған ер адам хабарласады. Ол екі нөмірді брондап, нөмірге екі француз конягін, шампан мен жеміс-жидекті және қымбат тұратын кәмпитті жеткізуін өтінеді. Тапсырысты орындау үшін супермаркетке мейрамхана аспазы жіберіледі. Ол өзімен бірге 100 мың теңгені ала барады. Қымбат тұратын сусын сөресінен тапсырыс берілген сусын табылмайды. Бұны Дмитрий Васильевичке жеткізеді. Ер адам ақшаны "Киви әмиянға" салуын сұрап, мейрамхана әкімшілігімен келісіп қойғанын айтады. Ақша жіберілген соң, ер адам телефонын өшіріп, жоқ болып кеткен. 

Полиция "Алаяқтық" бабымен тергеу жүргізуді бастады.