1092

Алматыда пәтер сатып алып берем деп алаяқтық жасаған әйел ұсталды

Ақшаны алған соң күдікті жоғалып кеткен.
Фотография - Алматыда пәтер сатып алып берем деп алаяқтық жасаған әйел ұсталды Сурет: today.kz

Алматы полициясы алаяқтық жасаған әйелді ұстады. Тергеу барысы 34 жастағы әйелдің азаматтарға арзан пәтер ұсынғанын анықтады, деп хабарлайды Today.kz.

Әйел уақытша қамалды. Полицияның мәліметінше, ол алматылықтардың 30 мың долларын қағып алған.

34 жастағы әйел арзан пәтер алғысы келетін азаматтарды екінші деңгейлі банктен кепілде тұрған пәтерді аз уақыттың ішінде сатып алуға болады деп сендірген. Арзан пәтер алғысы келетіндер алдымен құжат жинап, оның шотына екі мың долллар аударып отырған. 

Ақшаны алған соң күдікті жоғалып кеткен. 

"Бұл әйелдің банк секторына ешқандай қатысы жоқ. Күдікті өз кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Алматы полициясы. 

Бостандық ауданы ішкі істер басқармасына күдіктіге қатысты бес адамнан шағым түскен. 

Загрузка...