5368
1

Театр директоры Ерлан Біләл пара алғаны үшін ұсталды

"Өз кінәсін толық мойындағандықтар директор қамауға алынған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде ", - деді Жахин.
Фотография - Театр директоры Ерлан Біләл пара алғаны үшін ұсталды Сурет ашық дереккөзден алынды

Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл 1,5 миллион теңге пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Today.kz Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахинге сілтеме жасап. 

Жахиннің сөзінше, театр директоры заңды тұлғадан театр базасынан жаңажылдық кезеңде балаларға арналған көрсетілімді өткізуге орын бергені үшін 1,5 миллион теңге көлемінде пара алған.

"Өз кінәсін толық мойындағандықтар директор қамауға алынған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде ", - деді Жахин.

  • Жадыра
    Сенбеймін... сене алмаймын... Сену де мүмкін емес... Біреулердің жасаған қастандығы болар, көре алмаған немесе орнына қызыққандардың тұзағына түсіп қалған шығар...