Асанәлі Әшімов, Нұрлан Оразалин - Ерлан Біләлді тағы кімдер қорғап отыр?

Оқыс оқиға
1397
"Қазақконцерттің" бас директоры Асхат Маемировтың сөзінше, Ерлан Біләлдің суретін таратқан адамдар іздестіріліп жатыр.

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан театрының басшылары мен зиялы қауым өкілдері 1,5 миллион теңге пара алды деп айыпталып жатқан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләлді қорғап сөз сөйледі, деп хабарлайды Today.kz

"Қазақконцерттің" бас директоры Асхат Маемировтың сөзінше, Ерлан Біләлдің суретін таратқан адамдар іздестірілуде. 

"Қазір мұнымен адвокат айналысып жатыр. Жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері ресми түрде суретті ешкімге бермегендерін мәлімдеді. Кез келген заңға бағынатын азамат мұндай суреттерді таратпау керек екенін біледі. Себебі тергеу құпиясы деген бар. Таратушыларды тауып, жазалау керек. Бұған, әрине, уақыт керек. Бұл суреттер шынайы ма, әлде фильмнен үзінді ме, ол жағын білмедім. Қастарында болған жоқпын. Актерлердің біреуі де қастарында болған жоқ", - деді Асхат Маемиров. 

Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті Асанәлі Әшімов осы оқиға елге жария болған сәттен бастап Ерлан Біләлді қорғаған еді. Қазақ өнерінің ақсақалы бүгін де өз ойын ашық айтты. 

"Бүгін өнер саласындағы зиялылар, жазушылар, драматургтар, режиссерлар мен театр қызметкерлері жиналды. Біздің театрымызда болған оқиға - сүреңсіз жағдай, бұл барлығымызды алаңдатады, себебі мұнда істеген жас директор, екі жарым жыл осы қызметте болды және осы уақыт ішінде біздің дамуымыз, гастрольдік сапарларға шығуымыз - ол барлығын да өзінің таза еңбегімен тапты. Мұндай жағдай орын алғанына жабырқаулымыз. Менің айтпағым, бұл істе оны ғана емес осыны ұйымдастырғандарды жазалау керек. Оның осынша қаражатты алғаны дұрыс емес, ол жазасын алады. Біз қазір оның кім екенін, қандай адам екенін айтқымыз келеді, біз айтпасақ кім айтады? Кез келген адамның басында осындай жағдай болуы мүмкін, меніңше, бұл кездейсоқтық. Осылай болды, адамның да сүрінетін кезі болады. Бір реттік жағдай оның бүкіл ғұмырына сабақ болады. Келесіде ол образдарды шығару кезінде оған осы көмектеседі. Бірнеше жерде сұхбат бергенімде, осы театрдың қазіргі таңда жақсы дәрежеде, басшылығының арқасында беделі жақсы екендігін мақтанышпен айтып жүремін. Ерланның адал, ары таза азамат екендігін, сегіз қырлы, бір сырлы екендігін халық біледі. Осы біздің коллективті тұрғызып қойып дауысқа салсаң, 99 пайызы бұл сөзімнің дұрыстығына қосылар еді. Арасынан оны қаралайтын бірең-сараң ғана адам табылуы мүмкін, коллектив болғаннан соң ондай міндетті түрде болады. Кез келген адам жүз пайыз елдің бәріне жақсы көріне бермейді. Мен айтар едім, шетелдерде, көптеген өркениетті елдерде пара беріп, ұстап берген адамды соттайды. Ол адамды сатқын дейді. Сондықтан, мен бұл істі ұйымдастырған адамды сотқа шақырамын", - деді Асанәлі Әшімов. 

Ал мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының жетекшісі Любовь Нидің айтуынша, бұл тек Ерланның ғана қайғысы емес. 

"2017 жыл Қазақстан үшін "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жылы болды. Біз Лондонға, Жапонияға бардық. Қазақстанда театр мен дарынды актерлер бар екенін бүкіл әлем білді. Бұл тек Ерланның емес, бәріміздің трагедиямыз. Бәрінің әділ болғанын қалаймын. Бұл іспен қазына органдары айналыссын, оны жоғалтып алғымыз келмейді", - деді ол. 

Қазақстанның жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин де өз пікірін ортаға салды. 

"Меніңше, талантты адам аңғал әрі қорғансыз. Ерлан дәл сондай. Асанәлі Әшімов, Есмұхан Обаев, барлық актер, ақындар мен жазушылар бұл жерге бекер жиналмады. Олар өнердегі жолдастарын қорғауға жүрек қалауымен келді. Бұл өте ұнамсыз жағдайда барынша обьективті болуға шақырамын", - деді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл заңды тұлғадан театр базасынан жаңажылдық кезеңде балаларға арналған көрсетілімді өткізуге орын бергені үшін 1,5 миллион теңге көлемінде пара алмақ болған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеді

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить