Павлодардың бес тұрғынын екібастұздық жалған сантехник тонап кетті

Фотография - Павлодардың бес тұрғынын екібастұздық жалған сантехник тонап кетті

Көрнекі сурет

Жерлесі өлшем жұмыстарын жүргізіп жатқанда күдікті ешкімге білдірмей клиенттің пәтерін тонауға кіріскен.

682 0

Павлодардың бес тұрғынын екібастұздық жалған сантехник тонап кетті. Күдікті жерлесімен бірге жұмыс істеген, деп хабарлайды Today.kz Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жерлесі өлшем жұмыстарын жүргізіп жатқанда күдікті ешкімге білдірмей клиенттің пәтерін тонауға кіріскен. 

Екеуі павлодарлық тұрғындардың пәтерлеріне кіріп, сантехникалық қызмет ұсынған.

"Кәсіби қимылдағаны соншалық, ешкім күдікті ештеңе байқамай қалған. Олар кеткен соң бірнеше сағаттан кейін ғана жәбірленушілер заттарының жоғалғанын байқаған. Осылайша күдікті облыс орталығының бес тұрғынын тонаған. Әр жағдайдағы шығын мөлшері де әртүрлі - 100 000-нан жарты миллион теңгеге дейін", - деді полиция. 

Күдікті ұсталды. 

Тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?