1174

Астанада өзін "Арман бригадир" деп таныстырған жігіт тұрғындарды алдап кетті

Қазіргі таңда жеті тұрғыннан арыз түсті.
Фотография - Астанада өзін "Арман бригадир" деп таныстырған жігіт тұрғындарды алдап кетті Сурет: Астана ІІД баспасөз қызметі

Астана ІІД Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушілері отыз жастағы Әмір Мекенге қатысты істі тексеріп жатыр, деп хабарлайды Today.kz Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жігіт өзін "Арман бригадир" деп таныстырып, пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізем деп сендірген. Азаматтардан жөндеу жұмыстары үшін алдын ала төлем алып, тайып тұрған. Қазіргі таңда жеті тұрғыннан арыз түсті. Келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгеден 3 миллион 400 мың теңгеге дейін жетеді. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190 бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Осы жігіттің әрекетінен зардап шеккендер мына телефондарға хабарласа алады: 8 747 766 60 94, 8 (7172) 53 77 92 немесе 102.

Астана ІІД азаматтарды тек сенімді компаниялармен жұмыс істеуге шақырады. Егер біреу сізге келіп, өте арзан бағада сапалы қызмет көрсетемін десе, абайлаңыз. 

Фото -