839

Қызылорда облысындағы Сырдария өзеніндегі су тасу жағдайы тұрақты - әкімдік

Кентай жайылымын да су басқан.
Фотография - Қызылорда облысындағы Сырдария өзеніндегі су тасу жағдайы тұрақты - әкімдік Сурет ашық дереккөзден алынды

Желтоқсанда арнасынан тасыған Қызылорда облысындағы Сырдария өзеніндегі су шаруашылығындағы және елді мекендер мен стратегиялық маңызы бар нысандардың айналасындағы ахуал тұрақты, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" жазды. 

"Жағдай қатаң бақылауға алынған", - деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағанбетов.

Әкімдіктің мәліметтері бойынша, 2 тікұшақ дайын, су тасқыны болған жағдайда 150 тонна ЖЖМ, 300 мың дана қап, 10 мың қамыс, 23 тонна тас және тағы да басқа материалдар қоры дайындалған.

Жару жұмыстары жүргізетін арнайы ұйыммен алдын ала келісімшартқа қол қойылған.

"Облыс аумағына жоғарыдан келіп түсіп жатқан су көлемі секундына 640 текше метрді құрауда. Қызылорда су торабына дейін су таратушы каналдар арқылы 110 текше метр су алынса, тораптан төменге секундына 530 текше метр су өтуде. Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында мұз толықтай ұстасса, Шиелі, Жаңақорған аудандарында өзен беті таза", - делінген хабарламада.

Сырдария өзеніндегі су деңгейі 28 желтоқсанда көтеріліп, "ПМК-29" саяжай учаскілеріндегі 9 үйдің ауласына жайылған.

Бұдан бөлек, Кентай жайылымын да су басқан.