2555

Алматы облысында 22 жастағы жігіт 6 сынып оқушысын қонақүйге апарып зорлаған

Күдіктінің айтуынша, жәбірленген қыз өз жасынан үлкен көрінген, жыныстық қатынасқа екі жақты келісім арқылы барған.
Фотография - Алматы облысында 22 жастағы жігіт 6 сынып оқушысын қонақүйге апарып зорлаған Көрнекі сурет

Алматы облысының полициясы 12 жастағы қызға зорлық көрсеткен ауыл тұрғынын ұстады. Междуреченск ауылының тұрғыны қызының зорлық көргенін айтып полицияға арыз түсірген, деп хабарлайды Today.kz Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция күдіктіні бірнеше сағат ішінде іздеп тауып, тұтқындаған. 

ҚР ҚК 120 бабы, 4 бөлімі "Зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

"22 жастағы күдікті жасөспірім қызға ауылдағы қонақүйлердің бірінде зорлық көрсеткен, ол қонақүйдегі бөлмені алдын ала броньдап, алтыншы сынып оқитын қызды ол жаққа алдап әкелген", - деп хабарлады ІІД. 

Күдіктінің айтуынша, жәбірленген қыз өз жасынан үлкен көрінген, жыныстық қатынасқа екі жақты келісім арқылы барған. 

Бірақ жәбірленіші тарап бұл сөзді жоққа шығарып отыр.