464

Орал қаласында әйелдің басына пышақ сұғылды

Ол жерден жас әйелдің өлі денесі табылды. Оның беті қан-қан еді. Қасында төрт еркек тұрды, жандарында асхана пышағы жатты.
Фотография - Орал қаласында әйелдің басына пышақ сұғылды Көрнекі сурет

Орал қаласының тұрғыны басына пышақ сұғылып қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz "Мой город" сайтына сілтеме жасап. 

33 жастағы әйел адамның өлі денесін Ұлттық Гвардия әскерлері тауып алған. Олар өз қызметтерін атқарып жүргенде жанжалдасқан адамдардың дауыстарын естиді. Сөйтіп жертөлеге түскен. 

"Ол жерден жас әйелдің өлі денесі табылды. Оның беті қан-қан еді. Қасында төрт еркек тұрды, жандарында асхана пышағы жатты. Оқиға орнына Орал қаласының полиция бөлімшесі шақыртылды", - делінген хабарламада. 

Анықталғандай, әйелдің басына пышақ сұғылған. Күдіктілердің бірі кінәсін мойындады. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабы "Кісі өлімімен" қылмыстық іс қозғалды.

Загрузка...