8842

Павлодарда қоқыс жәшігінен туғанына 7 күн болған нәресте тірі күйінде табылды

Қазір ол Певлодардағы перианатальды орталықта жатыр.
Фотография - Павлодарда қоқыс жәшігінен туғанына 7 күн болған нәресте тірі күйінде табылды Сурет: today.kz

Павлодарда Гагарин көшесіндегі көп қабатты үйдің қасындағы қоқыс жәшігінен жаңа туылған шақалақ табылды, деп хабарлайды Today.kz. Полиция ақпаратты растады. 

Куәгерлердің сөзінше, сәби көрпешеге оралған. 

Көп қабатты үйдің тұрғындары сәбиді басқа ауданның тұрғыны тастап кеткен деген пікірде. 

Баланың өмірге келгеніне жеті күн болған, оған бірінші деңгейлі үсу диагнозы қойылды. 

Қазір ол Павлодардағы перианатальды орталықта жатыр. 

Today.kz редакциясы Павлодар ІІД ресми сауалхат жолдады. 

Продолжение

Оқыс оқиға
Дәрігерлер Павлодардағы қоқыс жәшігінен табылған сәбидің денсаулығы туралы түсініктеме берді.
Оқыс оқиға
Назира Омарованың айтуынша, бала жаялыққа шала оралған, жұқа бас киімді, үстіне жұқалау көрпешік жабылған күйде болған.
Загрузка...