Маңғыстау облысында өгей анасы баласын пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді

Оқыс оқиға
8733
Маңғыстау облыстық ІІД ҚР ҚК 99 бабы "Кісі өлімі" бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданында тұратын әйел 16 жастағы өгей баласын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Today.kz "ИнАктау" сайтына сілтеме жасап. 

Құрбанның туысқандары оның денесі 20 рет пышақталғанын айтады. Жігіт 4 қаңтар күні қайтыс болған, бір күндей сарайда жатып қалған. Бозбаланың туған әкесі әйелінен ұлының қайда екенін сұраған. Ол "қыдырып жүр" деп жауап берген. Келесі күні ғана істеген ісін мойындаған. 

Бозбаланың туған анасы ұлын әкесімен бірге қалдырған, оның себебі әйелдің тұратын үйі болмаған. 

"Ол бозбаланы қазандықта ұрып бастаған, бала сарайға қашып кірген. Ұлыма қанша рет пышақ сұққанын білмеймін. Жаназада баламның кесілген кеудесін көріп, есімнен танып қалдым. Әкем, баланың атасы арқасында сау-тамтық қалмағанын айтты", - деді құрбанның туған анасы Кәмшат. 

Әйелдің сөзінше, баласы әкесінің үйінде тұрғанда қызметші есебінде күн көрген: үй жинап, бала баққан, кір жуған. 

"Ұлымнан қалай тамақтанып жүргенін сұрағанымда, ол әкесі жұмысқа кеткенде немесе келгенде ғана тамақ ішетінін айтты. Күндіз тек су ішкен, нанды ұрлап жеген. Өз киімін түнде өзі жуған", - деді баланың анасы. 

Мектептегілердің сөзінше, бала өзін жақсы жағынан көрсеткен.  

"Ол үшпен, төртпен оқыды. Сыныптастарымен сөзге келіп қалған күні болған жоқ, мұғалімдерден оған қатысты шағым түскен емес. Өте сабырлы болды", - деді "Атамекен" орта мектебінің директоры Шоқан Жаулиев. 

Баланың өгей анасы қамауда. Маңғыстау облыстық ІІД ҚР ҚК 99 бабы "Кісі өлімі" бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады. 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить