Балаларым үшін... – Ерлан Біләл сотта соңғы сөзін айтты

Оқыс оқиға
15049
"Құрметті сот, дәл қазір жағдайым қиын, бәрі біледі, өте өкінемін", - деді Ерлан Біләл.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының экс-директоры Ерлан Біләл сотта сөйледі, деп хабарлайды Today.kz

"Құрметті сот, дәл қазір жағдайым қиын, бәрі біледі, өте өкінемін. Менің денсаулығымды, отбасылық жағдайымды, қаржылық күйімді назарға алуыңызды өтінемін. Айыппұлдың көлемін азайтуыңызды сұраймын. Бұл жазаны өтеу қиын. Мен жазаны айыппұл туралы өтеуге әлбетте келісемін, бірақ адал еңбегіммен алған марапаттарымнан айырмауыңызды сұрағым келеді. Жастар Одағы сыйлығының лауреаты марапатын 2003 жылы анам қайтыс болған соң алдым. Бұл театр сахнасында шығармашылықпен айналысуыма, әрі қарай өмір сүруіме үміттің белгісіндей болған еді. Әрі қарай жүретін күш таптым. Үш жыл бойы өз-өзіме келе алмадым. (...) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағын әкем қайтыс болған соң алдым. 25 жыл бойы диагнозыма қарамастан театрда жұмыс істедім", - деді Ерлан Біләл. 

Театрдың бұрынғы басшысы істеген ісіне өкінетінін бірнеше рет айтты. 

"Шығармашылық адам ретінде өліп қалмасын десеңіз, марапатымды тартып ала гөрмеңіз. Қант диабеті мен артериалдық қысым - адымымды кең ашуыма мүмкіндік бермейтін ауыр аурулар. Өте өкінемін, мен жаза бастым. (...) Сізден өтінемін, құрметті сот, менің күйімді түсінуіңізді өтінемін. Бәріміз де пендеміз. Күндердің бір күнінде бәріміз де қателесуіміз мүмкін", - деді Ерлан Біләл. 

Ерлан Біләл соттағы соңғы сөзін айтып тұрып жылап жіберді. 

"Объективті болуыңызды өтініп сұраймын. Мен өз кінәмді мойындаймын. Мен қателестім. Егер заң рұқсат берсе, балаларым үшін мені қолдасаңыз, еліміздің гүлденуі үшін қайтадан барымды салып еңбек ететін боламын, студенттерге сабақ беремін. Ант етемін", - деді Ерлан Біләл.

Ерлан Біләлдің ісі

Естеріңізге салайық, Ерлан Біләл 5 қаңтарда ұсталған еді

8 қаңтарда зиялы қауым өкілдері Ерлан Біләлді қорғап, сөз сөйледі. 16 қаңтарда актердің 1 205 000 теңге көлемінде кепілге ақша төлегені белгілі болды. 

25 қаңтарда Алматыдағы Алмалы аудандық сотында Ерлан Біләлдің соты басталды

Ерлан Біләл өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты.

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить