1241

БҚО-да жиыма мыңдық жалған ақшаны тауар сатып алып ұсақтағандар ұсталды

БҚО МКД жалған ақшаның өте сапалы болғанын айтып отыр.
Фотография - БҚО-да жиыма мыңдық жалған ақшаны тауар сатып алып ұсақтағандар ұсталды Сурет ашық дереккөзден алынды

БҚО-да жалған ақша жасағандар ұсталды, деп хабарлайды Today.kz uralskweek.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жалған ақша жасаған үш адам БҚО тұрғындары емес. Олардың жалдамалы пәтерінен принтер табылған. 

Олар жиырма мыңдық жалған ақша жасаған. Орал дүкендерінен жиырма мың теңгеге сауда жасап, жалған ақшаны ұсақтап отырған. Осы ойларын соңғы екі апта бойы жүзеге асырған. 

Оперативті қызметкерлер жалдамалы пәтерден принтермен қоса планшет пен жалған ақша тапқан. 

БҚО МКД жалған ақшаның өте сапалы болғанын айтып отыр. Саудагерлер ақшаның жалған екенін бірден байқамаған, қаражатты кассаға өткізгенде ғана алданғандарын түсінген. 

Күдіктілер бейнебақылау камераларының көмегімен ұсталды. 

Загрузка...