1185

Ақтөбе облысында ойнап жүрген алты жастағы бала басына мұз түсіп, қайтыс болды

Нөл сыныбында оқитын оқушы су шығарғыштың қасында ойнап жүрген.
Фотография - Ақтөбе облысында ойнап жүрген алты жастағы бала басына мұз түсіп, қайтыс болды Сурет ашық дереккөзден алынды

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы Ақши ауылында алты жастағы бала басына мұз түсіп, қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz "Мой город" порталына сілтеме жасап. 

Нөл сыныбында оқитын оқушы су шығарғыштың қасында ойнап жүрген. Сол кезде басына мұз үйіндісі түсіп кеткен. 

"Бала оқиға орнында бас-ми жарақатының салдарынан қайтыс болды", – деді Ырғыз аудандық ауруханасының өкілдері.