739

Қарағандыдағы "Қазақавтожолдың" басшылығы сот алдына келді

Төртеуі де қамауда отыр.
Фотография - Қарағандыдағы "Қазақавтожолдың" басшылығы сот алдына келді Сурет ашық дереккөзден алынды

"Қазақавтожол" РМК-ның Қарағандыдағы бөлімінің басшысына қатысты алты айға созылған тергеу жұмыстары аяқталып, сот отырысы басталды. Олар мердігерлерден республикалық маңызы бар Қызылорда–Қарағанды–Павлодар тас жолының кемшіліктеріне көз жұмғандары үшін 17 миллион теңге пара алған болуы мүмкін, деп хабарлайды Today.kz.

Сот алдына "Қазақавтожол" басшысы Ғаділ Мұқанов пен оның орынбасары Ержан Отаров келді. Олар ҚР ҚК 366 бабы "Пара алу" бойынша айыпталуда.

Істі Қарағандыдағы нөмір бірінші Қазыбек би аудандық сотының судьясы Айгүл Мырзабекова қарап жатыр.

Қызылорда–Қарағанды–Павлодар тас жолын жөндеуден өткізген "Ақжол ДС" ЖШС-ның екі өкілі Мұқан Ыбышев пен Бекболат Жағыпаровтың ісі бөлек қаралуда. Оларға ҚР ҚК 367 бабы "Пара беру" бойынша айып тағылған. 

Төртеуі де қамауда отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, "Қазақавтожолдың" Қарағанды бөлімінің басшылығы пара алды деген күдікпен тұтқындалған болатын. Тергеу барысында белгілі болғандай, бөлім директоры Ғаділ Мұқанов пен оның орынбасары Ержан Отаров жекеменшік компаниядан 17 миллион теңге пара алған.

Загрузка...