Қызылордада кадр бөлімінің басшысы вахташылардан ақша сұраған

Оқыс оқиға
1509
Тиісті соманы бергендерге жол ашық. Ал бұдан бас тартқандар жұмыстан қуылып жатқан көрінеді.

Қызылордада басшылыққа ақша тасудан шаршадық деген жұмысшылар жанжал шығарды, деп хабарлайды Today.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

"СИБУ-Қызылорда" Қазақстан-Қытай инженерлік бұрғылау компаниясының жұмысшылары мұнда көресіні қытайлықтардан емес, өз қандасымыздан көріп жүрміз дейді. Айтуларынша, компанияның кадр бөлімін басқаратын Әлия Егембергенова бұларды тиісті вахталарына жіберу үшін ақша талап етеді екен. Тиісті соманы бергендерге жол ашық. Ал бұдан бас тартқандар жұмыстан қуылып жатқан көрінеді.

Егембергенованың қалтасын қампайтудан шаршадық деген адамдар – "СИБУ-Қызылорда" деп аталатын мұнай компаниясының жұмысшылары. Көпшілігі кадр бөлімінің басшысына қарсы шығып, жан-жаққа арыз жазамыз деп тұрақты табыстан қағылған. Ал ақша бермегендер бірнеше айлап жұмысқа бармапты.

"Соның кесірінен 2-3 ай вахтаға бара алмай қалдық. Жұмысқа барған сайын ақша береміз. Әркім әрқалай береді ғой. Өзім 2 мың теңге беремін. Жұмыста әйтеуір, бала-шаға бар, кредит бар дегендей", – дейді жұмысшы Руслан Әбілдаев.

Мұнайшылар басшылықтан көрген құқайын қағазға түсіріп, көмек көрсетеді деген орындардың бәріне барыпты. "Нұр отандықтардың" алдында компания басшылығы мәселені шешеміз деп уәдені үйіп-төккенімен, ішке келе сала арыз жазғандардың артына түсіпті. Олар тіпті облыс басшыларының айтқанын да құлаққа ілмеген. 

Ал қытайлық компания басшылары жанжал шығарып жүрген жұмысшылардыкі бос сөз деп отыр. Айтуларынша, қазір жұмыс көлемінің азаюына байланысты жұмыс күшіне де сұраныс азайған. Ал мұнайшыларды зар жылатты деген Әлия Егембергенова айғай-шумен қызметінен шеттетіліпті.

"Қазір осы іске байланысты құзырлы органдар тергеуді бастап кетті. Әлия Егембергеноваға қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал жұмысқа жібермей жатыр дегендері ақылға сыймайды. Өйткені қазір небары екі бұрғылау қондырғысы ғана жұмыс істеп тұр. Сол себепті барлығын қамту мүмкін болмай жатыр", – деді "СИБУ-Қызылорда" инженерлік бұрғылау компаниясының басшысы Ван Дося. 

Ал еңбек инспекциясындағылар өздеріне арызданған 50-ге жуық жұмысшының арызы бойынша жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізіпті. Оның нақты қорытындысы да жуықта белгілі болмақ. 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить