602

Қостанайда сатушыны құлатып, күзетшіні кепілге алған екі қылмыскер ұсталды

Қостанайда полициялар "Тополек" дүкенінде жасалған қылмысты ашты.
Фотография - Қостанайда сатушыны құлатып, күзетшіні кепілге алған екі қылмыскер ұсталды Көрнекі сурет

Қостанайда полициялар "Тополек" дүкенінде жасалған қылмысты ашты, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қостанай орталығындағы дүкен сәрсенбі күні тоналған болатын. Үш қылмыскер алдымен дүкеннің кіре берісіндегі банкоматты сындырып ашпақ болған. Бұл ойлары жүзеге аспаған соң, дүкеннің ішіне баса көктеп кіріп, сатушыны құлатып, күзетшіні кепілге алған. Содан соң, сатушыны кассадан 200 мың теңге шығарып беруге мәжбүрлеген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында және дүкен ғимаратында орналасқан бейнебақылау камераларындағы жазбаның арқасында полиция екі күдіктінің жеке тұлғасын анықтады. Олар Қостанай облысының 23 және 24 жастағы тұрғындары болып шықты.

Ұсталғандардың айтуынша, олар қылмысқа спирттік ішімдік ішкеннен кейін барған.

Қазіргі кезде екі күдікті ұсталып, Қылмыстық Кодекстің "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Үшінші күдіктіні ұстау бойынша шаралар өткізіліп жатыр.

Загрузка...