2254

Бала жылап келеді – Шымкентте жеті жастағы баланы 4 оқушы зорлаған болуы мүмкін

Оңтүстік Қазақстанда бала зорланды деген хабар Күнгей жұртшылығын ғана емес, бүкіл елді дүрліктірді.
Фотография - Бала жылап келеді – Шымкентте жеті жастағы баланы 4 оқушы зорлаған болуы мүмкін Көрнекі сурет

Оңтүстік Қазақстанда бала зорланды деген хабар Күнгей жұртшылығын ғана емес, бүкіл елді дүрліктірді, деп хабарлайды Today.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Баланы өзінен 7-8 жас үлкен 4 оқушы 5 ай бойы зорлап келген көрінеді. Жәбір көрдім деген бала бұл туралы туыстарына былтыр тамыз айында айтқан екен. Содан бері полицияға неше мәрте барғанымен тәртіп сақшылары шағымды тек қаңтар айында қабылдаған. Істің жүруіне аудандандағы білім саласының басшылары мен құзырлы органдар барынша қарсылық танытып жатыр дейді.

"Бала жылап келеді. Үсті кір боп келеді. Аяғы ауырады, басы ауырады. Мұрнынан-құлағанынан қан ағады. Сөйтіп, мен жылайын десем жылай алмадым. Аузым скотчтанған еді деді. Түнде өте нашар ұйықтайды. Түнімен аласұрады. Сөйлейді, бақырады", – дейді баланың әжесі.

7 жасар баланы зорлады делінген жақын маңда тұратын 7 және 8-ші сыныпта оқитын 4 жеткіншек екен. Сәті келсе тасаға апарып ойына келгенін істейді деген оны соңғы мәрте қаңтар айында зорлапты. Тамыздан бастап жазған арызын тек қаңтарда тіркеген полицейлер білім бөлімімен қосылып, жәбір көргендерді қыспаққа алыпты. Сот-медициналық сараптаманы да бірден тағайындамай жүріп алған.

Ал, зорлады делінгендердің ата-аналары болса ұлдарына шаң жуытпайды. Баланың сөзін баланың сандырағына санаған олар оған базбіреулер қасақана осылай айтқызып жатыр дейді. Өз балаларымен осы жағдай бойынша талай мәрте сөйлескен, тіпті, полиция да тергеуге сан мәрте сүйрепті.