Бала менімен бірге – Зағипа Балиева жеті жастағы шымкенттік бала туралы айтты

Оқыс оқиға
4614
Шымкентте зорлық көрген болуы мүмкін жеті жастағы баланы мемлекет күзететін болды.

Шымкентте зорлық көрген болуы мүмкін жеті жастағы баланы мемлекет күзететін болды. Қазір бала анасымен әпкесімен бірге ҚР балалар омбудсмені Зағипа Балиеваның қамқорлығында. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Today.kz тілшісіне айтты. 

"Бала сабырлы, ойнайды, тамағы тоқ, демалып жатыр. Дені сау. Өте сымбатты әрі көңілді бала, бірақ мен одан ештеңе сұраған жоқпын, өйткені баланы мемлекет күзетіне алу туралы тергеудің шешімі бар. Осыдан кейін балаға сұрақ қоюға ешкімнің құқығы жоқ. Оның құқығы сақталуы үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Қазір бала құқықтары жөнінде уәкіл ретінде оның қауіпсіз жерде екеніне және барлық құқығы қорғалып жатқанына көз жеткізуім керек. Олар (баласы, әжесі, әпкесі, – ред.) менімен бірге қонақүйде", – деді Зағипа Балиева. 

Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп болған соң Зағипа Балиева журналистермен кездесті. 

"Біз күндіз Астанаға ұшамыз, мен оның анасын таптым. Ол келуге келісімін берді. Анасы Алматыда жұмыс істеп жатыр екен. Әжесі мен әпкесінде сенімхат бар. Мен олардың баланың заңды өкілдері екеніне көзімді жеткіздім", – деді Балиева. 

Уәкіл толыққанды кешенді сараптама тағайындалғанын айтты. 

"Денсаулық сақтау министрлігі педиатр мен психиатрды, білім министрлігі психологтарды, ішкі істер министрлігі барлық ішкі бөлімді дайындап жатыр. Толыққанды кешенді сараптама тағайындалды", – деді Балиева. 

Балиева күдікке ілінген балалардың да құқығын қорғауға ниетті. 

"Мен тергеуге осы баланы ғана емес, ана балаларды (күдікті, – ред.) да қорғауға міндетті екенімді айттым. Ешкімнің олардың аты мен тегін айтуға құқығы жоқ. Егер сараптама баланы сол балалар зорлағанын дәлелдесе, олар толыққанды жауапкершілікке тартылады. Бұл жерде де бәрі заңға сәйкес жасалады", – деді омбудсмен.

Балиева баланың отбасына көмек берілетінін айтты. 

"Баланың болашағы бар. Бұл іс үлкен резонанс тудырды, мемлекеттік органдармен бірлесе отырып барлық шараны қолданатын боламын. Бірнеше бағдарлама бар, сол бойынша анасын жұмысқа тұрғызатын боламыз. Қазір бала анасымен және жақын жандарымен бірге болуы керек, олар бұл бағдарламаға қатысуға келісімдерін берді. Бала басқа мектепке барады, отбасы жанында болады", – деді уәкіл. 

Естеріңізге салайық, ОҚО, Абай ауылының тұрғыны жеті жастағы немересінің бірнеше ай бойы зорланып келгенін айтып, дабыл қаққан болатын. Баланың туысқандары құқық қорғау органдарының әрекетсіз отырғанын айтты. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Оңтүстік Қазақстан облысына ұшып келді

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить