2235

Қарағандыда полициялар өрт шыққан автобустан 50-ге жуық адамды аман алып қалды

Жолаушылар жол сақшыларымен бірге өртті сөндірген
Фотография - Қарағандыда полициялар өрт шыққан автобустан 50-ге жуық адамды аман алып қалды Сурет: Қарағанды облыстың Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен

Қарағанды облысында автобустан өрт шықты. Оны жол сақшылары байқап, автобусты тоқтатқан, деп хабарлайды Today.kz Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Аға лейтенант Мұрат Нұрмағанбетов пен батальон қызметінің инспекторы Жасұлан Егенов Алматы–Екатеринбург тас жолында қызметтерін атқарып жүрген. Олар жолда келе жатқанда жолдың 816-шақырымында қарсы бағыттан Neoplan маркалы автобусы шыққан. Егенов жандарынан өтіп кеткен автобустың артынан өрт шығып жатқанын байқаған.

"Біз бұрылып, автобустың соңына түстік. Автобусты тоқтатып, ішінен 51 жолаушыны шығарып алдық. Артынша өртті сөндірдік", – дейді лейтенант Жасұлан Егенов.

Жолаушылар жол сақшыларымен бірге өртті ауыздықтаған.

Артынша жолаушылар басқа автобусқа отырғызылған.

Загрузка...