326

ШҚО-дағы су басқан аймақтардан су шығарылып жатыр

Гидрометрологиялық қызметтің мәліметі бойынша Шығыс Қазақстан облысы аумағында қардың қоры орташа мөлшерден 2 есе артқан.
Фотография - ШҚО-дағы су басқан аймақтардан су шығарылып жатыр Сурет: Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы

Гидрометрологиялық қызметтің мәліметі бойынша Шығыс Қазақстан облысы аумағында қардың қоры орташа мөлшерден 2 есе артқан, деп хабарлайды Today.kz

Қардың қалыңдығы жазықтық жерлерде 6-дан 123 сантиметрге, таулы аймақта 21-ден 166 сантиметрге дейін жетеді. Наурыз айының екінші онкүндігінде күн райының күрт жылуына байланысты ШҚО ауылдарымен саяжай алқаптарын еріген қар суы басқаны анықталды.

25 наурызда Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы құтқарушылары дабылмен көтеріліп, "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп 1 эшалонмен ШҚО 15 адам 2 бірлік автокөлікпен бет алды. Глубоковод ауданы Пригродный ауылына жеткенде 500 қап құммен толтырып бөгет жасалды. Келесі күні 25 мотопомпа көмегімен таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 19:00-ге дейін аулалардан тоқтамай су шығарылуда.

Келесі күні 2 топқа бөлінді, 8 адамнан құралған екінші топ Шемонайха ауылында 10 бірлік мотопомпамен аулалардан су шығаруда. Қазіргі таңда аулалардан су шығару жалғасуда.

 Фото - Фото - Фото -

Загрузка...