430

Маңғыстау облысында өгей баласын өлтірген әйел 15 жылға сотталды

Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.
Фотография - Маңғыстау облысында өгей баласын өлтірген әйел 15 жылға сотталды Көрнекі сурет

Маңғыстау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты өгей баласын өлтірген әйелді 15 жылға соттады, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі сот залынан.

Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Сот оның мүгедек баланы тәрбиелеп отырғанын ескерген. Әйелдің барлығы төрт баласы бар.

Іс материалдар бойынша, әйел 16 жастағы жеткіншекті қаңтар айының басында пышақ салып өлтірген.

Сотталушы үкіммен келіскен, алайда оның туыстары сот шешімін өте қатаң деп есептейді.