1515

Астанада қатты жел салдарынан батут аударылып кетіп, бес бала зардап шекті

Батут қадалып тұрған жерінен 20 метрге ұшып кеткен.
Фотография - Астанада қатты жел салдарынан батут аударылып кетіп, бес бала зардап шекті Сурет ашық дереккөзден алынды

Астанада "Жаннұр" сауда үйінің жанында қатты соққан желдің салдарынан балалар ойнайтын батут аударылып кетті. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Today.kz

Бес бала зардап шеккен. 

"Қатты соққан желдің салдарынан күрделі конструкциялы (200-250 шаршы метрлік) батут аударылып түсті. Бес бала зардап шекті. Оқиға орнында Орталық аймақтық аэромобильді оперативті-құтқару тобының құтқарушылары, ІІМ төтенше жағдайлар бойынша медициналық апат Комитеті, "103" бригадасы жұмыс істеп жатыр. Желге байланысты шұғыл ескертуге де назар салуларыңызды сұраймыз. Одан бөлек, қатты жел соғып тұрса да балаларын батутқа жіберген ата-аналардың жауапкершілігіне де көз жұмуға болмайды", – деп хабарлады ТЖК. 

Батут қадалып тұрған жерінен 20 метрге ұшып кеткен. 

ІІМ төтенше жағдайлар бойынша медициналық апат Комитетінің ақпаратынша, зардап шеккен балалар 4-10 жас аралығында. Алдын ала диагноздары: жартылай жарақат алу, жабық сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, оң жақ самайдың гематомасы, оң жақ тоқпан жіліктің созылуы, сол жақ жіліншіктің жарақаттануы.