Мәскеуде қазақстандық және ресейлік банкир Жомарт Ертаев ұсталды

Оқыс оқиға
6866
Кейбір мәліметтер бойынша, ұсталғандардың біреуі – Жомарт Ертаев.

Мәскеу қылмыстық іздеу оперативті қызметкерлері мен Ресей арнайы қызмет сарбаздары аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдіктілерді ұстады. Кейбір мәліметтер бойынша, ұсталғандардың біреуі – Жомарт Ертаев, деп хабарлайды Today.kz РЕН ТВ сайтына сілтеме жасап. 

"Вконтакте" желісіне Mash жариялаған ақпарат бойынша, қазақстандық және ресейлік ірі банкир, кәсіпкер, "Алма-групптың" басшысы Жомарт Ертаев пен оның қол астында жұмыс істейтін "Тройка-Д-Банктің" бұрынғы атқарушы директоры Андрей Третьяков ұсталды. 

"Москва-Сити кешенінде арнайы қызмет сарбаздары өте мықты жігіттерді ұстады – "Мерседес" автокөлігі мен оның қасында келе жатқан "Гелендваген" ұсталды. Автокөліктерді жол қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының патрульдік арнайы батальоны бұғаттады", – деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары.  

"Ертаев 159 бап "Алаяқтық" бойынша федералды іздеуде болған", – деп жазады Regnum.  

"Ұсталғандардың бәрі полиция бөлімшесіне жеткізілді, сол жақта оларға айып тағылатын болады", – деп хабарлады ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасап. 

Естеріңізге салайық, 2002-2007 жылдары Жомарт Ертаев "Альянс Банк" ААҚ басқарма төрағасы болды. 2014-2016 жылдары "Алма-ТВ" ЖШС бас директоры қызметін атқарды. "Алма-ТВ" – Қазақстанның кабельді телевидениесі нарығында көшбасшы болды. 2016 жылдың қыркүйегінде Ертаев "Алма Групп" ЖШҚ директорлар кеңесінің төрағасы әрі компания президенті болып тағайындалды. 

Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ bodies[news_open].title }}

{{ bodies[news_open].rubric }}
{{ bodies[news_open].views_count }}
{{ bodies[news_open].preview }}
Согласны ли вы с тем, что в Алматы нужно ввести платный въезд?
34 %

Да. Это улучшит ситуацию с пробками в центре

13 %

Нет. Это только лишний повод содрать деньги с людей

5 %

Да. Но если только въезд будет бесплатным для тех, кто живет вне города, а работает в нем

20 %

Нет. Это нарушение моего права на свободу передвижения

28 %

Оставлю свой вариант в комментариях

Комментарии

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить

{{ comment.comment_author }}

{{comment.datetime}}

{{comment.text}} Ответить