3098

Ауылда туған – Ресейде ұсталған банкир Жомарт Ертаев деген кім

8 мамырда ресейлік БАҚ Жомарт Ертаевтың ұсталғанын хабарлады. Оны болжам бойынша ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптауда.
Фотография - Ауылда туған – Ресейде ұсталған банкир Жомарт Ертаев деген кім Сурет ашық дереккөзден алынды

8 мамырда ресейлік БАҚ Жомарт Ертаевтың ұсталғанын хабарлады. Оны болжам бойынша ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыптауда

Қазақстандық та, ресейлік те тарап ресми түрде ақпаратты әзірге растаған жоқ. Today.kz оқырманға Жомарт Ертаевтың өмір жолынан үзінді ұсынуды жөн көрді. 

Жомарт Ертаев 1972 жылдың 28 тамызында Алматы облысының қазіргі Қарғалы ауылында дүниеге келді. Алматыдағы №120 орта мектепті тәмамдады. 1994 жылы Қазақ мемлекеттік архитектуралық-құрылыс институтының менеджмент және бизнес факультетін бітіріп, экономист мамандығын алып шықты. 

Жоғары білімін экономист ретінде алған Жомарт Ертаевтың мансабы қаржы саласымен тығыз байланысты болды. 1990-жылдары ол мансабын "Атакент" қазақ іскерлік әріптестік орталығында қаржы кеңесшісі болып бастады. 

1995 жылы алғаш рет басшылық қызметке тағайындалды: 1995-1996 жылдары Алматыдағы "Альфа-Банктің" ақпараттық-сараптама басқармасында басшы болды, кейін банктің басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 

Жомарт Ертаев Орталық-Азия қаржы-инвестициялық компаниясының, "Семей Қалалық акционерлік Банкінің", "Сеймар" компаниясының басшысы болды. 

2002-2007 жылдары Альянс Банктің басқарма төрағасы қызметін атқарды.  Forbes.kz хабарлағандай, 2009 жылы қаржы полициясы Жомарт Ертаевқа Альянс Банктің басқарма төрағасы болған кезінде миллиард доллардан көп қаражат жымқырды деген айып тақты. Келесі күні Алматыдағы Медеу аудандық соты банкирді тұтқындауға санкция берді. Ол кезде Ертаев Евразиялық банктің басқарма төрағасы болып екі жыл жұмыс істеген. 2010 жылдың мамыр айында 9 ай қамауда болған Жомарт Ертаев бостандыққа шықты. Айып "бухгалтерлік және қаржы есебіндегі заңнаманың бұзылуы" мен "банктің қаржысын заңсыз пайдалану" болып өзгертілді. 

2014 жылы Ертаев қазақстандық кабельдік телевидение нарығындағы көшбасшы Алма-ТВ компаниясының бас директоры болды. 2016 жылдың қыркүйегінде ол Alma Group-тің директорлар кеңесінің төрағасы және компания президенті болып тағайындалды. 

Қазіргі таңда Ертаев "Тройка-Д-Банктің" директорлар кеңесінің төрағасы (Сауда белгісі – "АЛМА Банк). 

Тройка Д-Банк – 2002 жылы құрылған ресейлік коммерциялық банк. Банк Ресей Банктінің лицензиясына ие және салымшыларды сақтандыру жүйесіне кіреді. Банктің үлескерлері: "НИК Развитие" АҚ БҚ – 95 пайыз акцияға ие, Жомарт Ертаевта 5 пайыз акция бар. Ол Alma Group холдингінің құрметті президенті. Холдинг "Москва-Ситиде" орналасқан. 

2018 жылдың сәуір айында Qazaq Banki қаржы көрсеткішінің төмендеуі 2013-2016 жылдары берілген "сапасыз несиеден" болғанын айтты. Сол жылдары банкті Жомарт Ертаев пен Бақыт Ибрагим басқарған еді. 

Загрузка...